Войти

Қазақстандық стартаптар: инженерлік модульдердің оркестрі

Өнеркәсіп саласын цифрлық трансформациялау, агроөнеркәсіптегі экологиялық роботтар, жер қойнауындағы байлықты өндіретін жаңа технологиялар, мұнай ұңғымаларын жасанды интеллект көмегімен тазалау – бүгінде қазақстандық стартапшылар ұсынып жүрген тың идеялардың дені осы төңіректе.

Ақпанның басында Алматыда өткен стартапшылар арасындағы «Industry 4.0 Startup Battle» сайысына Орталық Азия мемлекеттерінен 200-ден аса өтініш келіп түскен. Ақтық мәреге оның ішінен 30 команда іріктеліп, олар өз жобаларын қорғап шықты. Нәтижесінде түрлі номинициялар бойынша марапатталып, АҚШ-та (Лас-Вегаста) өтетін халықаралық байқауға жолдама алғандар болды. Биылғы батлдың басты екершелігі – стартап жобалар негізінен өндіріс саласына бағытталған.

Камилла Кишкашбаева 16 жаста. Астана қаласындағы Білім инновациялық лицейінде 10-сыныпта оқиды. Стартапшылар сайысының ең жас қатысушысы. «The best ESG startup» номинациясында жеңімпаз атанды. Камилла ұсынған Kazagrotech стартап жобасы – жасанды интеллектінің (ЖИ) көмегімен отандық агроөнеркәсіп саласын автоматтандыруға негізделген. Яғни, ол егіс алқаптарындағы зиянкестерді жоятын СО2 лазерлік, инновациялық робот ойлап тапқан.

Камилла Кишкашбаева
Камилла Кишкашбаева Фото: жеке архивтен «Қазақстанның агроөнеркәсібіндегі басты проблема – құрамы таза емес гербицидтер мен тыңайтқыштарды пайдалану дегенге келіп тіреледі. Біріншіден, құрамында химиялық улы қоспалары бар өнімдер денсаулығымызға зиян тигізеді. Екіншіден, егістіктер топырақ эрозиясына ұшырайды. Осы проблемалардың шешімі ретінде СО2 лазерлік роботын ойлап таптық. Қазірде көптеген стартаптар инновацияға бейімделіп, оның салдары туралы ойлана бермейді. Біз осының бәрін ескере отырып, экологиялық таза шешім ұсындық. Осы стартапты бастап, зерттеп келе жатқаныма үш ай болды. Startup Battle байқауына қатысқанда роботтың MVP (minimum viable product) деңгейін әзірлеу сатысында едік. Қазар оның түпкілікті моделін жасау үшін инвесторлар тартып, команда жасақтап, іске кірісіп кеттік», - дейді Камилла Кишкашбаева.

Бауыржан Батыров Бауыржан Батыров Фото: жеке архивтен Алматылық стартапшы Бауыржан Батыров 40 жаста. Wes компаниясының негізін қалаушы. Стартапшылар байқауында «The most investable startup» номинациясы бойынша топ-5 құрамына еніп, Лас-Вегас қаласында өтетін MINEXPO-ға жолдама алды.

Бауыржан ұсынған жобаның басты мақсаты – газ-мұнай ұңғымаларын бұрғылау және жөндеу кезіндегі процестерді цифрландыру. Төрт адамнан тұратын команда өз жұмысын 7 жыл бұрын бастаған.

«Біздің міндетіміз деректерді жинау сенсорларынан инженерлік есептеулерге дейінгі кешенді шешім ұсыну. Инженерлік есептеулерді қолдану арқылы нақты уақыт режимінде өндірістегі экологиялық апаттың алдын ала аламыз», - дейді Бауыржан Батыров.

Атырау қаласының тұрғыны Саламат Кабдулов 37 жаста. «Industry 4.0 Startup Battle» байқауында «Gva’s favorite startup» номинациясының жеңімпазы атанды. Стартап батлға ол Derek Suite платформасының авторы ретінде қатысқан. Derek Suite мұнай-газ ұңғымасынан экспорттық деңгейге дейінгі инженерлік есептеулерді жоғары дәлдікпен автоматтандыратын платформа. 2019 жылдан бастап бұл жоба өндірістік ауқымда қолданылуда. Қазақстандағы ірі өндіріс орындарымен серітестік орнатқан. Қазір бір командада бағдарламалаушылар, ЖИ-инженерлері, мұнай-газ инженерлері, жалпы, 20-дан астам маман жұмыс істейді.

Саламат Кабдулов Саламат Кабдулов Фото: жеке архивтен «Өз жобамызды біз «инженерлік модульдардың оркестрі» деп атаймыз. Derek Suite жобасын екі модульге бөліп қарастырсақ та болады. Біріншісі, mass balance – мұнай кен орнының немесе зауыттың математикалық егізін құруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде инженерлер өндірісті бұрын қолданыста болмаған дәрежеде қадағалай алады. Екіншісі, Neuronet – біздің deep learning (жасанды зият) модуліміз. Ол арқылы әртүрлі формулалардың күші жетпей келген өндірістік есептерді шешу мүмкіндігі бар. Мысалы, виртуалды датчиктер, аномалияларды анықтау, газ-мұнай қатынасы, су үлесін үздіксіз өлшеп отыру дегендей. Қолданыс жағынан шектеу жоқ. Қазір қоғамда өндірісте жұмыс істейтін білікті мамандар аз. Ал біздің платформамен қаруланған инженерлер мекеменің жұмыс өнімділігін еселеп арттыра алады», - дейді Саламат Кабдулов.

Медет Сүлейменов және Ержан Қадырсизов Аspans компаниясының құрылтайшылары. Ол – өндірістік процестерді цифрландырумен, әртүрлі бағдарламалау тілдерін қолданып, деректерді модельдеумен айналысатын платформа. Медет персоналды басқару, құжат, бизнесті дамыту бойынша жұмыстарды мойнына алса, Ержан серверлер, желілер секілді техникалық мәселелерге жауапты. Стартапшылар сайысында Аspans компаниясы «The best smart mining startup» номинациясында жеңіп шықты.

Ержан Қадырсызов (сол жақта),Медет Сүлейменов (оң жақта) Ержан Қадырсизов (сол жақта),Медет Сүлейменов (оң жақта) Фото: жеке архивтен «Қазір клиенттік базамызда 100-ден астам компания тіркелген. Онда 40 мың адам жұмыс істейді. Біздің басты мақсатымыз – ақпаратты тіркеу процесін автоматтандыру. Бұрын Excel кестесін, қағазды қолмен толтыруға тура келетін: бұл ұзақ уақыт алады. Ал біздің платформаны қолдану арқылы бұл процесті екі есе жылдамдатып, жұмыс күшін үнемдей аласыз. Аspans-тың басты ерекшелігі кез келген салаға икемделе алады. Мысалы, біз тау-кен және энергетика салаларында цифрлық шахталар мен электр станцияларының жүйелерін құрамыз. Коммерциялық жылжымайтын мүлік саласы, ірі сауда орталықтары, бизнес орталықтар, аурухана, стадион секілді орындардың ақпараттық деректерін жинап, қағаздан электрондық форматқа ауыстыруға көмектесеміз. Басты ерекшеліктеріміздің бірі – ақша алмай тұрып, клиентке біздің шешімдерімізді қолдануға рұқсат береміз. Бұл қадам арқылы біз тұтынушыға біздің қызметке қол жеткізуге мүмкіндік береміз», - дейді Медет Сүлейменов.

Асылан Жумагалиевтің негізгі мамандығы заңгер. Үш жыл бұрын мұнай-газ саласына келген. Осы уақыт аралығында пайдалы қазбалары бар кен орындарын тиімді игеруге мүмкіндік беретін NeuronOil веб-тренажер стартапын қолға алған. Өз жобасы арқылы экстракция коэффициентін арттыру және жол бойындағы ұңғымаларды бұрғылау мен пайдалануға арналған шығындарды азайту мәселелерінің шешімін табуға тырысқан. Стартапшылар сайысында Асылан «The best digital oil field startup» номинациясын жеңіп алды.

Асылан Жумагалиев (оң жақта) Асылан Жумагалиев (оң жақта) Суретті түсірген Данагүл Науқан «Қазақстанда жылына 700–800 ұңғыма бұрғыланады. Олардың 40%-ы пайда әкелмейді. Себебі жер астында не болып жатқаны көрінбейді. Тапсырыс беруші кен орнында өндіру, жөндеу жұмыстары қашан және қай жерде жүргізілгені, ұңғымааралық қосылыстардың орналасуы жайлы схема береді. Біз ағынның қай уақытта және қай жерде жабылып, ашылатынын веб-симулятор арқылы көре аламыз. Нәтижесінде мұнай алу коэффициентін 40%-ға, бұрғылау және геологиялық-техникалық іс-шаралардың тиімділігін 95%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береміз», - дейді Асылан Жумагалиев.

Дания Қаирбаева Дания Қаирбаева Фото: жеке архивтен Еске сала кетсек, «Industry 4.0 Startup Battle» стартапшылар сайысы 2024 жылдың ақпан айының басында «Almaty digital–2024» форумы аясында өткен болатын. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл бұл сайыстың жүлде қоры 180 000 АҚШ долларын құраған, өткен жылдармен салыстырғанда рекордтық көрсеткіш деуге болады.

Жоба ұйымдастырушысы Дания Қаирбаева өндірістегі проблемаларды шешуге бағытталған стартаптар елдің экономикалық дамуына тікелей әсер етеді деп отыр.

«Бұрындары қалың көпшілік стартап десе мобильді қосымша жасау немесе жеке бизнесті дамытатын құрал деп қана есептейтін. Ал қазір бұл ұғымның түсінік аясы айтарлықтай кең. Оның жарқын дәлелі – «Industry 4.0 Startup Battle». Осы сайыс барысында біз Қазақстанның өндіріс саласының даму деңгейінен бастап, сала ішінде қандай проблемалар бар және оларды қалай шеше аламыз деген мәселелерді анықтап, жауабын іздедік. Елімізде игерілмей жатқан қаншама жер бар, шикізатқа да баймыз, бірақ агроөнеркәсіп әлі де ақсап тұр. Бұл салалардың дамуы жеке кісіпкердің қалтасына ғана емес, ел экономикасының көтеріліп, халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруына да тікелей әсер етеді. Сондықтан да өндіріске арналған стартаптарды қолдап, оларды жүзеге асыруға мүмкіндік беру – бұл жалпы, ел экономикасы үшін дұрыс тенденция», - дейді Дания Каирбаева.

Поделиться:

Смотрите также:

Французский банк Société Générale одолжит денег КТЖ на покупку локомотивов
2 года назад
КТЖ и французский банк Société Générale заключили соглашение об основных условиях финансирования закупки электровозов Alstom на казахстанско-французском Деловом совете в Париже.  Как сообщает пресс-служба КТЖ, стороны догово...
Тенге остаётся без опоры на нефть
4 года назад
Тенге остаётся без опоры на нефть ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 01 августа 2022 Курс казахстанского тенге в паре с американским долларом держится стабильным в понедельник, ...
В 2022 году из Нацфонда и квазигоссектора продали $9,1 млрд
3 года назад
В 2022 году из Нацфонда и квазигоссектора продали $9,1 млрд ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 05 января 2023 Указанные операции обеспечили 31% объёма торгов на KASE ...
Продажи инвалюты из Нацфонда поддерживают курс тенге
2 года назад
Аналитический центр Ассоциации финансистов Казахстана представил очередной ежедневный обзор рынков. Валютный рынок По итогам валютных торгов в четверг пара USDKZT закрылась на уровне 455,67 тенге за доллар (-1,35 тенге) при снижении объема торгов д...
Нацбанк: решение по базовой ставке принято
2 года назад
Национальный банк РК принял очередное решение по базовой ставке. Значение сохранено на текущем уровне – 14,75% годовых с коридором +/- 1 п. п. Снижать базовую ставку НБРК начал в августе 2023 года. В результате последовательных решений ее уровень сни...
Нацбанк планирует продать в январе около 1 миллиарда долларов из Нацфонда
2 года назад
В среду, 3 января, Национальный банк РК опубликовал информационное сообщение по валютному рынку. В нем говорится, что по итогам декабря 2023 года курс тенге укрепился на 0,8%, до 454,69 тенге за доллар. Среднедневной объем торгов на Казахстанской фон...
Котировки нефти Brent опустились ниже $100 за баррель
4 года назад
Котировки нефти Brent опустились ниже $100 за баррель ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 07 июля 2022 США и ЕС обсуждают предельную цену на российскую нефть в диапазоне $40–60 ...
При каких условиях мобильные переводы будут связывать с предпринимательством
2 года назад
В Комитете госдоходов рассказали, что в 2023 году к ним начали поступать сведения от банков «о гражданах, на банковские счета которых поступают деньги, связанные с предпринимательской деятельностью». Как заявили в ведомстве, критерием для определения...
➤