Войти

Жаһандық экономикада қандай өзгерістер бар?

McKinsey & Company мәліметтері бойынша, көптеген елдерде экономиканың өсу қарқыны жеделдеп, үдей түскен, бұған өндірістік сектордағы ғана емес, қызмет көрсету саласындағы көрсеткіштер де ықпал етуде.

Әлем елдеріндегі экономикалық көрсеткіштер әртүрлі, бірақ жалпылай алғанда оның өсу көрсеткіші оң сипатта, деп мәлімдейді McKinsey сарапшылары. 2024 жылдың ІІ тоқсанында АҚШ экономикасы 2,8%-ға ұлғайып өскен, ал бұл экономистер болжаған 2%-дан асып түсетін көрсеткіш. АҚШ экономикасының бұлайша қыз-қыз қайнауына елдегі тұтынушылық шығындардың жоғары болуы, коммерциялық мақсаттағы жылжымайтын мүлікке бағытталған инвестициялар ағыны және сатуға арналған тауарлардың жинақталған қоры септік етсе керек. Сарапшылардың айтуынша, тауарлар қорының жинақталуына қарап, бұл елде корпоративтік ортада оптимизм мол деп түйіндеуге негіз бар.

Ал, мысалға, еуроаймақтағы экономиканың жағдайын дәл осындай шуақты деп суреттей алмаймыз: 2024 жылдың ІІ тоқсанында Еуродақ елдеріндегі ЖІӨ тоқсандық есептеуде бар болғаны 0,3%-ға, жылдық есептеуде 0,6%-ға ғана өскен.

Есесіне сарапшылар дамушы елдердің экономикаларына анағұрлым оптимистік баға берген. Биылғы жылдың ІІ тоқсанында Қытайда ЖІӨ-нің өсуі ептеп баяулап қалғанымен, жылма-жыл есептегенде 4,7% деңгейінде өскен, бұл батыс өлшемдеріне шаққанда айтарлықтай жоғары ауқым. Үндістан экономикасының өсу қарқыны бұдан да жылдам: аталған кезеңде бұл елдегі ЖІӨ 5,9%-ға өскен, негізінен өңдеу өнеркәсібі мен электр энергиясын өндіру есебінен. Ресейге тоқталсақ, оның әскери экономикасы сыртқы ықпалдардың алдында тұрақты деңгей көрсетуге тырысып бағуда: ІІ тоқсанда бұл елдің ЖІӨ көрсеткіші жылдық есептеуде 4%-ға өскен.

McKinsey зерттеген экономикалардың арасында орталық банкі негізгі мөлшерлемені төмендеткен бірден-бір ел Қытай деуге болады, бұл сарапшылардың біразы үшін күтпеген жағдай еді. Былтыр шілдеде бұл елде кредиттер бойынша базалық мөлшерлеме 3,45%-дан 3,35%-ға дейін төмендетілді, ал ипотекалық кредиттер үшін өзіндік бағыт-бағдар ретіндегі кредиттер бойынша бес жылдық базалық мөлшерлеме 3,95%-дан 3,85%-ға дейін төмендетілді. Үш күннен кейін Қытайдың орталық банкі коммерциялық банктер үшін бір жылдық кредиттердің пайыздық мөлшерлемесін 2,5%-дан 2,3%-ға дейін төмендетті.

Қытай билігінің мұндай шешімдерін сарапшылар ел экономикасының баяу қарқыны мен жылжымайтын мүлік секторындағы тұрақсыздықпен түсіндіреді. Қытайдың жылжымайтын мүлік нарығына қатысты алаңдаушылық бұрыннан бар, ал 2024 жылдың ІІ тоқсанында жылжымайтын мүлікті сатудан түскен табыс ептеп болса да төмендеп кеткен. Қытай экономикасына бағытталған тікелей инвестициялар ағыны да қысқарып жатыр, мысалы, жылма-жыл есептегенде инвестициялардың төмендеу көрсеткіші 2024 жылдың ІІ тоқсанында −33,2%-ды (өткен тоқсанда −26,1%) құраған.

McKinsey сарапшылары зерттеген елдердегі орталық банктер инфляцияға қатысты пайымдарын 2–2,3% деңгейінде деп болжайды. Инфляция бұрынғысынша дамыған елдерде төмендеп жатыр, дейді сарапшылар, сол елдердегі халықтың инфляцияға қатысты күту болжамдарына сүйеніп. Мысалы, америкалық тұтынушылар бір жылдан кейін бағалар 3%-ға өседі деп есептейді (олардың биылғы жылға қатысты болжамдары 3,2% шамасында-тын). Ал еуроаймақта инфляция мақсатты көрсеткіштерден біршама жоғары, дейді сарапшылар, ЕО елдеріндегі жалақы деңгейінің өсу қарқынына сілтеме жасап (2024 жылдың І тоқсанында 5,1% болатын).

McKinsey сарапшылары назарға алған дамушы елдердің экономикаларында тұтынушылық инфляция тұрақты деуге негіз бар, тек Ресейде жеделдей түскен. Биыл маусымда РФ нарығындағы тұтыну бағаларының өсуі 8,6%-ды құраған (мамырда 8,3%). Шілдеде оларда коммуналдық тарифтер қымбаттап кетті (шамамен 10%-ға дейін). Ал Үндістанда тұтыну бағалары мамырдағы 4,8%-дан маусымда 5,1%-ға дейін өскен, негізінен азық-түлік бағасының өсуіне орай. Маусым айында Бразилияда инфляция 4,23%-ды құраған, бұл осы елдің орталық банкі белгілеген 3%-дан әлдеқайда жоғары.

Шілдеде шикізаттардың бағасы ептеп төмен түскенімен, пандемияға дейінгі бағаларға жақындай алған жоқ. Алтынның тоқтаусыз қымбаттауына нарық атаулы үйреніп те қалса керек: шілдеде оның бағасы тарихи шекке жетіп, бір унция үшін 2380 АҚШ долларынан асып түсті. Пайдалы қазбалардың арасында сондай-ақ, литийдің бағасы шарықтап өсуде: металдың бұл түріне деген сұраныс 2018 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде 231%-ға өскен, бұған әлем бойынша танымалдығы арта түскен таза энергия өндіру мәселесі ықпал етуде. Есесіне энергия тасымалдау бағасындағы құбылмалық әрі қарай жалғасуда.

Жұмыссыздық деңгейі, мысалы, АҚШ-та аса өзгере қоймаған, мамырдағы 4%-бен салыстырғанда маусымда 4,1%-ды құраған. Бірақ шілдеде 4,3%-ға дейін ептеп өскен. Үндістанда жұмыссыздық деңгейі маусымда 9,2%-ға дейін өскен (мамырда: 7,0%). Қытайда бұл көрсеткіш 5% деңгейіндегі тұрақты қалыпта қалған.

АҚШ долларының әрі қарай нығаюы аясында бұл елге бағытталған импорт бағасы биыл ІІ тоқсанда 6,9%-ға қымбаттай түскен (соңғы екі жылдағы рекордтық көрсеткіш). Мамыр айында АҚШ экспорты 261,7 млрд долларға жеткен, бұл сәуірдегіден 1,8 млрд доллар аз ауқым. АҚШ-тағы ай сайынғы сауда тапшылығы 0,8%-ға дейін, яғни 75,1 млрд долларға төмендеп кеткен. Үндістанда сауда тапшылығы 8,4 млрд АҚШ долларына жеткен: бұл елде тауарлардың экспорты да, импорты да құлдыраған. Жалпылай алғанда, жаһандық экономика өз өсуін әрі қарай жалғастыруда, мұны сарапшылар елдер арасында баяу да болса, тұрақты негізде жүріп жатқан сауда көлемінің артуымен түсіндіріп отыр.

Поделиться:

Смотрите также:

Нефтяной камбэк: котировки Brent приблизились к психологической отметке $100
4 года назад
Нефтяной камбэк: котировки Brent приблизились к психологической отметке $100 ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 12 августа 2022 Goldman Sachs по-прежнему видит основания для рос...
Как ЧП повлияло на курс тенге
4 года назад
Как ЧП повлияло на курс тенге ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 12 января 2022 Стали известны первые результаты валютных торгов на Казахстанской фондовой бирже ...
Самрук-Қазына разместила выпуск еврооблигаций на $500 млн
5 лет назад
ФОТО: sk.kz АО «Самрук-Қазына» успешно разместило пятилетний дебютный выпуск еврооблигаций на сумму $500 млн с купоном 2% годовых. По итогам размещения была достигнута самая низкая ставка купона и впечатляюще узкий спрэд к суверенным еврооблигаци...
Air Astana объявила о своём решении участвовать в IPO
2 года назад
Заявление о предстоящем листинге акций и глобальных депозитарных расписок (ГДР) Air Astana было опубликовано на сайте группы компаний 12 января. Документ называется «Объявление о намерении опубликовать Регистрационный документ и потенц...
Конгресс США не может договориться о финансировании федерального правительства
5 лет назад
ФОТО: © unsplash.com Свой ежедневный обзор рынков и бирж представляет аналитический центр Ассоциации финансистов Казахстана Валютный рынок Нацвалюта на валютных торгах вторника продемонстрировала небольшое ослабление, отыгрывая некоторое ул...
Состоялся диалог между правительством РК и нефтедобывающими организациями
2 года назад
22 февраля в Алматы состоялся открытый диалог между вице-министром энергетики РК Ерланом Аккенженовым c представителями нефтедобывающих организаций (НДО). Мероприятие прошло на площадке Ассоциации PetroMining. В мероприятии приняли участие 72 предста...
Вокруг тенге много негатива
4 года назад
Вокруг тенге много негатива ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 13 июня 2022 Внешний фон ухудшается, что, скорее всего, окажет давление на курс тенге в ближайшее время ...
Минсельхоз обещает оставить Казахстан с яйцами
2 года назад
Вице-министр сельского хозяйства Амангалий Бердалин успокоил казахстанцев: из-за готовности увеличить поставки яйца в Российскую Федерацию казахстанские прилавки не опустеют. В скором времени планируется запустить в работу пять птицефабрик яичного на...
➤